02 маусым 2021 | 09:57

СҚО-да екі бала ата-анасының көз алдында суға батып кетті

Ашық дереккөздерден

Солтүстік Қазақстан облысы Мерген ауылында 9 және 11 жастағы інісі мен әпкесі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Аstanatv" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысы Мерген ауылында 9 және 11 жастағы інісі мен әпкесі суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Аstanatv" телеарнасына сілтеме жасап.

Көп балалы отбасы: бес баласы мен ата-анасы жасанды су айдыны жағасында демалып жүрген. Екі үлкен баласы шомылуға кеткен, ал анасы кішкентай баласын емізу үшін жағада қалған.

"Анасының айтуынша, ол баласын емізу үшін шатырқа барған және сол кезде үлкен балаларын ұмытып кеткен. Ол шатырдан шыққан кезде, ұлы жағада қимылсыз жатқанын көрген. Өгей әкесі баланы шығарып алып, судан қызын іздеуге тырысқан", - деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Реклама
Реклама

Бірақ қызды іздеу үшін құтқарушылардың жұмылуына тура келген. Олар оны екі метр тереңнен тапты. Құтқарушылар шұңқыр шаруашылық қажеттіліктер үшін жасанды түрде жасалғанын және оған жүзуге тыйым салынғанын айтты. Қайғылы жағдайға су түбінің тік қазылғаны себеп болуы да мүмкін. Балалар жүзе алмайтындарын түсінген соң артқа қайтуға бет алған. Бірақ шыға алмаған. Сондай-ақ, балаладың өгей әкесі сол кезде мас күйінде болғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная