20 тамыз 2019 | 17:13

СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылында екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылында екі жасар қыз терезеден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 20 тамызда болған.

Реклама
Реклама

"2019 жылғы 20 тамызда сағат 12: 15-те Ғ. Мүсрепов атындағы ауданы Новоишимское аудан орталығының Локомотивная көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда москит торын басып, 2017 жылы туған қыз құлап кетті. Бала шұғыл аудандық орталық ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да осындай үш жағдай болған.

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қорғау үшін келесі іс-шараларды жүргізуді ұсынады:

- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау;

- терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенім-ді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді;

- баланы, әсіресе терезелердің, балкондардың және шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмау;

- бала терезеге кірмей, төмен түспеуі үшін терезелері бар жиһазды жа-қын жерде қоймаңыз;

- балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная