СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Фото:polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында болған жантүршігерлік апаттан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында болған жантүршігерлік апаттан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 16 маусымда сағат 07:55-те Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және "ВАЗ-2104" көліктері соқтығысты.

Реклама
Реклама

"Алдын ала болжам бойынша, Lexus көлігі Көкшетаудан келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол көлік оқиғасының салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 автокөліктің жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама