24 сәуір 2022 16:35

СҚО-да жол апатынан 16 жастағы қыз қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

23 сәуірде сағат 14.00 шамасында Челябі - Новосібір тасжолының 557-шақырымында ГАЗ-А65R52 маркалы автокөлігі жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оқиға орнында жол апаты салдарынан 2005 жылы туған жолаушы көз жұмды. Медициналық мекемелерге түрлі дене жарақатын алған 5 адам жеткізілді. Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - деді Қызылжар ауданының полиция бөлімі қызметкері.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына Знаменский ауылының екі жедел жәрдем бригадасы мен амбулатория мамандары барған. 16 жастағы қыз жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы қалыпты екенін айтқан. Олардың арасында 38-58 жас аралығындағы 3 әйел, 20 жастағы ер адам және 15 жастағы қыз бар.

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі соталды тергеу аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтауы керек екенін айтты. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram