04 ақпан 2020 | 09:08

СҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан таңғаларлық жағдайда аман қалды

Сурет СҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар қирап қалған жүк көлігінен 52 жастағы ер адамды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар қирап қалған жүк көлігінен 52 жастағы ер адамды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 қаңтарда 17:00-де Петропавл - Жезқазған тасжолында Бескөл ауданы орталығына жақын маңда ГАЗ 3309 және MAN маркалы жүк көліктері соқтығысты. Ресейде өндірілген көліктің жүргізушісі темір құрсауында қалып қойған. 

Реклама
Реклама

Құтқарушылар жасағаның жетекшісі Нұрболат Айсин оқиға орнына келіп, ер адамды қалай алып шығуға болатынын ойластырып, өз жұмысына кіріскен. 

"Апат-құтқару және гидравлика құралдарын пайдалану арқылы құтқарушылар 20 минутта 52 жастағы Владиславты автокөліктен алып шықты", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Зардап шеккен ер адам Бескөл ауылындағы орталық аудандық ауруханасында жатыр, оның жағдайы бірқалыпты. 


Суреттер СҚО ТЖД баспасөз қызметінен


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная