ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2019 | 09:05
СҚО-да мектеп қабырғасы опырылды
СҚО-да мектеп қабырғасы опырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО-да мектеп қабырғасы опырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, апат Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласындағы 300-ден аса оқушысы бар білім ошағында болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Себебі төтенше жағдай түнде болған.
50 жыл бұрын салынған ғимаратқа соңғы рет күрделі жөндеу осыдан 6 жыл бұрын жасалған екен. Жаңа оқу жылы басталарда жауапты мекемелер ғимарат оқу процесіне әзір деген төлқұжат та берген. 1971 жылы салынған ғимаратта сызат пайда бола бастағаннан бері мектеп басшылығы дабыл қағыпты. Дәл апат болған кезде аудандағы барлық қызмет осы жерде болған.
"Қабырғаның опырылып түсетінін күткен жоқпыз. Негізі оқу жылы аяқталған соң дәл осы нысанның бөлігін сүру жоспарланған. Бірақ, қар еріген кезде қауіп күшейді, содан соң жеке серіктестік ақырын бұза бастаған. Қолымызда сараптама да бар", - дейді Тайынша ауданының әкімі Иван Турков.
Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, мектептің ішкі қабырғасы да бүлінген. Спорт залын жауып тастаған. Бірақ сабақ тоқтаған жоқ. Әзірге балаларға мектептің арғы бетіне баруға болмайды. Ал шенеуніктер 1 аптада бәрін ретке келтіреміз деп отыр.
Показать комментарии
Читайте также