СҚО-да полиция ғимараты маңынан ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
СҚО-да полиция ғимараты маңынан ер адам өлі табылды primeminister.kz/көрнекі сурет

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында полицияның әкімшілік ғимараты аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ.

"Бейнебақылау камералары ер адамның аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай жолды кесіп өтпек болғанын анықтады. Содан кейін ол ғимарат аумағына өткен, кейін оның мәйіті табылды", - деді ведомстводағылар.

Жарнама
Жарнама

Аумағы күзетілмейді және бас полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан. Соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеру тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама