21 қаңтар 2022 10:31

СҚО-да полиция қызметкері зейнеткерді өрттен құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:instagram.com/airtauskiezori

СҚО-да полиция қызметкері зейнеткерді өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да полиция қызметкері зейнеткерді өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қаңтарда Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында болған. Полиция қызметкері Рүстем Кәрімнің отбасы түннің бір уағында шудан оянып кеткен. Олар терезеден жалынды байқап, шатырларының жанып жатқанын түсінген. Құжаттары мен бағалы заттарын тез жинап, Рүстем мен жұбайы және екі жасар қызын ертіп, пәтерден шыққан. Өртке оранып жатқан үйдің екінші жартысында зейнеткер әжейдің тұрып жатқанын білетін офицер көмекке асыққан. Ол кіреберіс есік өртеніп жатқасын, ішке кіре алмай, терезені сындырып кіріп, қою түтін ішінен үй иесін тауып алған. Әжей өздігінен қозғала алмаған.

Реклама
Реклама

"Мен жалғыз тұрамын, ол уақытта ұйықтап жаттым. Рүстем үйге кіріп, мені тауып алды. Оған дейін улы газ жұтып үлгердім, демалуым қиын болды. Рүстем мені жалындап жатқан үйден қауіпсіз жерге алып шықты", - деп алғысын білдірді Валентина Васильевна аудандық Полиция бөлімінің және облыстық ПД басшылығына жазған хатында.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Алайда шатырды сақтап қала алмады. Қазір зейнеткер осы ауылдағы ұлдарының үйінде тұрып жатыр.

Көші-қон қызметінің қызметкері 27 жастағы Рүстем Кәрім Айыртау ауданының Полиция бөлімінде алты жылдан бері қызмет атқарады. Ол өз қызметін мақтан тұтады және кез келген офицер еш ойланбастан осындай әрекет ететініне сенімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram