22 ақпан 2020 | 09:36

СҚО-дағы бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды

Иллюстрациялық сурет: grippo.ru

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау өршіп барады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау өршіп барады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Жедел респираторлық вирустың жылдам таралуына байланысты Петропавлда Қожаберген Жырау атындағы №6 алтыншы орта мектепте карантин жарияланып, уақытша жабылды. 650 бала білім алатын мекемеде оқушылардың 30 пайыздан астамы ауру жұқтырған. Ал сырқаттанғандардың көбі 14 жасқа толмаған.

Реклама
Реклама

Сондықтан эпидемиолог мамандардың қаулысына сәйкес оқу процесі бір аптаға тоқтатылыпты. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде 200-ден астам адамның тұмау жұқтырғаны белгілі болды.

"Аталған білім ордасынан бөлек, қаладағы №9, 5, 24, 26 және "БЭСТ" гимназиясын қоса есептегенде, бес мектепте 31 сынып карантинге жабылды. Себебі бұл сыныптарда сабаққа қатыспай жүрген балалардың саны артқан. Қазіргі таңда облыс орталығында барлығы 600-ден астам оқушының ауырып жатқаны белгілі болды", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айнұр Сүйіндікова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная