СІМ басшысының орынбасары Тілеуберді миы шайқалып, ауруханада жатыр
Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ми шайқалу диагнозымен ауруханаға түсті. Ақпаратты ҚР СІМ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ми шайқалу диагнозымен ауруханаға түсті. Ақпаратты ҚР СІМ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мұхтар Тілеуберді медициналық мекемеде емделіп жатыр. Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, бұл тұрмыстық жағдай. Ол отбасылық шарадан үйіне қайтып келе жатыпты. Жанында жұбайы болған. Үйге жақын жерде келе жатып, құлап, басын асфальтқа соғып алған. Жұбайы жедел жәрдем шақырып, ол ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жатқызылған", - деп хабарлады министрлік баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, оқиға 15 қазанға қараған түні болған.