Солтүстік Қазақстанда уланған балалардың саны 72-ге жетті

Солтүстік Қазақстанда уланған балалардың саны 72-ге жетті © Николай Колесников

Солтүстік Қазақстандағы балалар лагерінде тамақтан уланғандардың саны 72-ге жетті, - деп жазады РИА Новости

Бұл туралы Петропавлдағы 3-ші қалалық аурухананың инфекция бөлімінің қызметкерлері айтты. "Иә, қазір ауруханада 72 бала жатыр. Бәрінен де ішек инфекциясының белгілері анықталды", - деді олар.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Юрий Пузиков  уланған балалардың саны 60-қа жеткенін хабарлаған болатын. Олардың барлығы Қызылжар ауданындағы "Серебряный бор" сауықтыру лагерінде демалып жатқан.

Реклама
Реклама

Департамент өкілдерінің айтуынша, 10 шілдеде таңғы уақыттан бастап уланудың себебін анықтау бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта лагерьде маусымды жабу мәселелері қарастырылып жатыр. Жалпы, "Серебряный бор" лагерінде 7 мен 14 жас аралығындағы 156 демалушы бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама