Солтүстік Қазақстанда жоғалған 75 жастағы зейнеткер табылды

Солтүстік Қазақстанда жоғалған 75 жастағы зейнеткер табылды ©СҚО ІІД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстанда жоғалған 75 жастағы зейнеткер табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмабаева Шарипа Махмұтқызының жоғалып кеткені жайлы хабарды Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының бірінші бөліміне оның туыстары берді. 18 сәуірде әйел үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған еді. "Іздестіру шаралары кезінде ол қалалық ауруханалардың бірінен табылды. Әйел есте сақтау қабілетінің ішінара нашарлауына байланысты соңғы екі күнде не болғанын білмейді. Туыстары оны ауруханадан алып кетті, оның денсаулығына қауіп жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Тәртіп сақшылары Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 43 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін ескертті. Олардың 40-ғы табылған. Еске салайық, Солтүстік Қазақстанда 75 жастағы әжейдің жоғалып кеткені хабарланған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама