Солтүстік Қазақстан облысында өрт болған жерден үш адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Солтүстік Қазақстан облысында өрт болған жерден үш адам өлі табылды видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамның жұмбақ өліміне байланысты тергеу басталды. Олардың денесі Полтавка ауылындағы өртенген үйден табылған. Марқұмдардың бірі - сол үйдің иесі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Баспанада өрт кешкі мезгілде тұтанған. Оқиға орында үш арнайы техника мен сегіз өртсөндіруші жұмыс істеген. Алайда баспананың түгі қалмай өртенген.

Күлдің арасынан 58 жастағы әйел адамның, 44 және 46 жастағы екі ер адамның денесі табылған.

Жарнама
Жарнама

"Сарапшылар марқұмдар өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқан деп болжап отыр", - деп жазылған арна мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама