Солтүстік Қазақстанда адамдар мінген гидроцикл аударылып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есіл ауданы Үлкен Тараңғұл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклді және суда тұрған екі адамды байқап қалған.

"Қызметкерлер гидроциклді бастапқы қалпына келтіріп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.

"Өзіңізді қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз!" - деді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Сайран көлінде екі адам суға батып кеткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама