09 наурыз 2023 10:57

Соңғы сәтте құтқарылған: Таразда бүтін бір отбасы уланып қала жаздады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Таразда бес адам көміртегі тотығына уланып өле жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда бес адам көміртегі тотығына уланып өле жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурызда сағат 22:00 шамасында болған. Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне барған. Мектепке келмеген 8 жастағы баланың ата-анасы қоңырауға жауап бермеген.

Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда оны ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болады. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiрген.

Реклама
Реклама

"Үйге келе жатып, терезеден баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрдік. Ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірдім. Үйде каустикалық иіс болды, мен тұрғындардың көміртегі тотығымен дем алғанын түсіндім. Бірден газды жауып, барлық терезелерді аштым", – деді Әлішер Ермеков.

Барлық бөлмені аралап шыққан полиция қызметкері 58 жастағы отағасын, оның 47 жастағы әйелін, олардың 12 және 10 жастағы қыздарын, сондай-ақ 8 жастағы ұлын көшеге шығарған. Полицей зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі қажетті көмек көрсетіп, кейін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Отбасы дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, егер оларға көмек сәл кешiккенде, ешкімді құтқару мүмкін болмас еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram