"Шошынғаннан жүйкесі сыр берді" - полиция "итті мүшелеп жатқан" жантүршіктірер видеоға қатысты пікір білдірді

Видеодан алынған кадр

"Итті м?шелеп" жат?ан жан т?ршіктірер видео?а ?атысты О?О полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД-ні? ресми ?кілі Салтанат ?арак?зова?а сілтеме жасап. 

"Итті мүшелеп" жатқан жан түршіктірер видеоға қатысты ОҚО полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасап. 

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік таныту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді Абай ауданының полицейлері жүргізіп жатыр", - дейді Салтанат Қаракөзова. 

Еске салайық, Шымкенттік жануарларды қорғау қызметінің мамандары адамшошырлық видео жариялады, онда ер адам итті бөлшектеп жатқаны түсірілген.

Реклама
Реклама

"Ол ит сойып жатқан адамдікі емес. Бізге иттің иесі болып келетін қыз хабарласты. Шошынғаннан оның жүйкесі сыр берген, жедел жәрдеммен алып кетті. Видеодағы ер адам анасының аяғы ауыратынын, иттің еті арқылы соны емдемек болғанын айтады. Видеоны түсірген қыз екеуміз полицияға арыз жаздық", - дейді ерікті Эмилия Ускенова. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама