ШҚО-да 13 жолаушы отырған автобус аударылды

© nede.li

?скемен-Риддер тасжолында 13 жолаушы отыр?ан автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ Т?тенше жа?дайлар комитетіне сілтеме жасап.

Өскемен-Риддер тасжолында 13 жолаушы отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай жайлы хабарлама сағат 10.30-да келіп түскен. Автобус Өскемен-Риддер тасжолының 50-шақырымында аударылған.

"Өскеменнен Риддерге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды. Кеше, 26 желтоқсанда осы аумақта жүк көліктері мен жолаушылар автобусы қозғалысына шектеу қойылған болатын", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Жол апатына ұшыраған жолаушыларға жедел түрде көмек көрсетілді. ТЖК мәліметінше, алты адам ауруханаға тексеріске жіберілді. 

Ал автобус жүргізушісі Өскемендегі ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар басқа көліктермен кете берді. Автобуста барлығы 13 жолаушы болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама