СҚО-да 6 жасар ресейлік бала өлі табылды

Солт?стік ?аза?стан облысында алты жаста?ы ресейлік бала т?рт к?ннен кейін ?лі табылды. Бала ?абит М?сірепов ауданында жо?алып кеткен. Б?л туралы ?Р ІІМ ТЖК-ны? ресми ?кілі Руслан Иман??лов м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Солтүстік Қазақстан облысында алты жастағы ресейлік бала төрт күннен кейін өлі табылды. Бала Ғабит Мүсірепов ауданында жоғалып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік баланың мәйіті 8 шілдеде 13.10-да Ұлыкөл көлінің жағасынан табылған. Әзірше баланың неден өлгені белгісіз.

Еске салайық, 5 шілдеде Старобелка ауылында күндізгі уақытта 2010 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы жоғалып кеткен еді. Ол анасымен бірге туыстарына келген. Куәгерлер 6 жастағы Матвей Буровик сағат 16:00-де туыстарының үйінен шығып, жоғалып кеткенін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама