ШҚО-да екі баласымен өлі табылған әйелдің күйеуі полицей болып шықты

Ш?О-да?ы ?лкен Нарын ауылында т?рлі жара?аттармен ?лі табыл?ан екі ?ызды? анасы суицид жаса?ан болуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО-дағы Үлкен Нарын ауылында түрлі жарақаттармен өлі табылған екі қыздың анасы суицид жасаған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО прокуратурасындағылар осы істің мән-жайын айтып берді. Алдын ала мәлімет бойынша, Үлкен Нарын ауылының тұрғыны әйелі мен екі баласының (10 жастағы және 8 айлық) денесін үйінен тауып алған.

"Әйелдің денесі сымға байлаулы күйінде тұрған. Ал балалардың денелері тілінген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО прокуратурасы осы істі ерекше бақылауға алды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғаның мән-жайын анықтайтын процессуалдық прокурор тағайындалды", - деді ШҚО прокуратурасындағылар.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәліметке қарағанда, тергеушілер әйел суицид жасады деген болжамға келіп отыр. Ал екі баланың өлімінің себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ, қаза болған әйелдің жергілікті мектепте информатика мен физика пәнінен сабақ бергені, ал оның күйеуінің аудандық ІІБ қызметкері екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінен жергілікті әйелдің және оның екі қызының мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама