СҚО-да ер адамды темірбетон плитасы қысып қалды

СҚО-да ер адамды темірбетон плитасы қысып қалды

Cолтүстік Қазақстан облысында жүк тиегіштің жүргізушісін темірбетон плитасы қысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті СҚО ТЖД өкілдері растады.

"2018 жылдың 13 шілдесінде сағат 17.05-те СҚО Тайыншы ауданында астық тұратын қойманың ғимаратында жүк тиегіштің жүргізушісі, 1958 жылғы ер адамды темірбетон плитасы қысып қалды", - деп хабарлады СҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бас маманы Евгений Журавлев.

Реклама
Реклама

"Зардап шеккен ер адамдға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел түрде Тайыншы ауданының орталыө ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер 10 бас жарақатын алғанын айтты", - деді Евгений Журавлев.

Қазіргі уақытта жүргізушінің жағдайы тұрақты екені айтылады. Ол дәрігерлердің бақылауында, ал ішкі істер қызметкерлері мен күзет қызметі инспекциясының қызметкерлері тергеу жұмыстарымен айналысып жатыр..

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама