СҚО-да оқушы тура сабақ үстінде қайтыс болды

© КТК кадры

Солтүстік Қазақстан облысында тура дене шынықтыру сабағы кезінде 13 жастағы қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, жасөспірімнің дені сап-сау, еш жерде медициналық есепте тұрмаған. 

Қайғылы оқиға Қиялы ауылының орта мектебінде болды. Жетінші сыныпта оқитын Светлана Краснощекова сабақ енді басталғанда кенеттен талып қалған. Мектеп дәрігері мен жедел жәрдемнің 40 минут бойы оның есін жиямыз деген әрекеттерінен түк шықпапты. Кейін қыздың құлаған сәтте-ақ жүрегі тоқтап, жан тәсілім еткені белгілі болды. Бүгін, 9 қазанда марқұмның туыстары Светлананы жерледі.

Реклама
Реклама

Дереккөз: КТК

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама