ШҚО-да төрт адам түтіннен уланып мерт болды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

Шаруа ?ожалы?ы жайылымыны? аума?ында орналас?ан жекеменшік ?йде т?рт ж?мысшы иіс тиіп мерт болды. Та?ы екі адам аурухана?а жат?ызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шаруа қожалығы жайылымының аумағында орналасқан жекеменшік үйде төрт жұмысшы иіс тиіп мерт болды. Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға жайлы жедел әрекет ету органдарына Бородулиха ауданының тұрғындары хабарлаған. Жұмысшылар "Қызыл құдық" шаруа қожалығының аумағындағы үйде түнеген. Таң ата төрт адам өлі күйде табылып, ал екеуі ауруханаға жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, адамдар түтіннен уланған. Көз жұмғандар 36 мен 57 жас аралығындағы ер адамдар.

"Жекеменшік үйлер осы уақытқа дейін пешпен жылытылады, әсіресе алыс аумақтарда. Алдын ала болжам бойынша жағдай пештің ақауынан немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан болған", - дейді облыстық ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама