ШҚО-да үш баласын тастап, жаңа танысының үйіне қашып кеткен әйел табылды

Туыстары жолдаған сурет.

Шы?ыс ?аза?стан облысыны? полицейлері ?а?тар айыны? ортасында із-т?ссіз жо?алып кеткен ?йелді тапты. Оларды? айтуынша, Камышинка ауылыны? т?р?ыны к?йеуі мен кішкентай ?ш баласын ?алдырып, жа?а таныс?ан ер адамны? ?йінде жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қаңтар айының ортасында із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты. Олардың айтуынша, Камышинка ауылының тұрғыны күйеуі мен кішкентай үш баласын қалдырып, жаңа танысқан ер адамның үйінде жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Александра Комутбаеваны іздестіру жұмыстары 17 қаңтарда басталған. Әйел үш баласын Самарск ауылындағы енесіне қалдырып кетіп, Өскеменнен туған ауылына бармақшы болған. Содан жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Үш баланың анасы соңғы рет туыстарына Камышинкаға дейінгі автобусқа билет алып кетейін деп жатқанын хабарлаған.

"Александра 15 қаңтарда жоғалып кеткен. Әйелдің туыстары іздестіру жұмыстарын өздері жүргізген, бірақ еш нәтиже шықпаған соң полицейлерге хабарласқан. Комутбаеваның автобусқа отырғаны немесе отырмағанын анықтауға ұзақ уақыт кеткен. Жарты ай бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Содан жоғалып кеткен әйел Шемонаихинск ауданынан табылды. Ол сонда жақында танысқан ер адаммен бірге тұрып жатқан. Осы уақытқа дейін ұялы телефоны сөндірулі болған", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, үш баланың анасы полицейлерге отбасына қайтып барғысы келмейтінін, жаңа сүйіктісімен бірге сонда қалғысы келетінін айтқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама