ШҚО-да жоғалған оқушы қыздың мәйіті қоқыстан табылды

© Yk-news.kz

Сегіз ай бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы Айым Ұлтомбаева Шар маңынан өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мәйітті 12 мамырда кешкі уақытта өтіп бара жатқан адам тауып алған, ол қоқыс астында жатқан", - деді қыздың ағасы Ринат Мәдібаев. - Анасы оны таныды, енді сараптамалар болады, біз аудандық полиция бөліміне бара жатырмыз".

8 сынып оқушысы Айым ағасымен және анасымен бірге тұрып жатқан. 12 қыркүйекте анасы вахталық жұмыста болыпты, ағасы таңда тұрып, Айымды үйден таппаған. Ал есік ашық болған, ұялы телефоны мен киімдері үйде қалған. 

Реклама
Реклама

Қызды полицейлер, құтқарушылар, туыстары және ауыл тұрғындары іздеген. Әлеуметтік желіде суреттері таралған. Бірақ 8 ай бойы ұшты-күйлі жоқ болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама