ШҚО-да зорландым деп жалған мәлімет берген қыз сотталды

© metrotvnews.com

?скемен т?р?ыны жал?ан м?лімет бергені ?шін ?ш жыл?а бас бостанды?ынан айырылды. С?йтсек, ?ыз ?зіні? таныстарымен ?рысып ?алып, ?ш алу ма?сатында олардан зорлан?анын айтып, арыз жаз?ан, ал ?тірігі аны?тал?анда, ?ыз бала сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өскемен тұрғыны жалған мәлімет бергені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сөйтсек, қыз өзінің таныстарымен ұрысып қалып, өш алу мақсатында олардан зорланғанын айтып, арыз жазған, ал өтірігі анықталғанда, қыз бала сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, Ұлан аудандық сотында қарастырылған істе ШҚО тұрғыны Қасым Қайсенов ауылындағы жалдамалы пәтерде төрт жігітпен көңіл көтерген. Олар бірге ішімдік ішкен. 21 жастағы қыз бір жігітпен жыныстық қатынасқа түспек болған. Осы кезде бір танысы екеуінің әрекетін видеоға түсірген. Оның жігіті досының бұл әрекетіне қарсы болмаған, ал қыз болса намыстанып жігіттерде үйден қуып шыққан. 

Қатты өшіккен қыз ертесіне барып төрт жігіттің өзін зорлағанын айтып, полицияға арыз жазған. Жігіттер қамауға алынған. Осыдан кейін, сараптамалар мен сұрау алу қорытындысы бойынша қыздың өтірігі шыға бастаған. Сол себепті қыз өзі жалған мәлімет бергені үшін айыпталушыға айналған. Істің қорытындысында қыз өзінің жалған мәлімет бергенін мойындаған. 

Реклама
Реклама

Ұлан аудандық соты 21 жастағы қызды үш жыл бас бостандығынан айырды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама