ШҚО-да жұмыстан шығарылғанын естіген сот қызметкері сірке суын ішкен

© Xcook.info

 

 

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық сотының қызметкері жұмыстан шығарылғанын естіп, жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ІІД-нің мәліметінше, оқиға сот мекемесі орналасқан Ақсуат ауылында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы сот жасауылы жұмыс орнында сірке суын ішкен. Ауыр халде уланған оны Орталық ауруханаға жеткізген, сол жерде оның іш құрылысын тазалаған. Қазіргі уақытта ауруханадағылар оның денсаулығына ешқандай қатер төніп тұрмағанын айтады, ол өзіне не болғанын айтудан бас тартып, ауруханада жатудан бас тартты. 

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарында, өз-өзіне қол салмақ болғанға дейін оған аудандық соттан көп мәрте жұмыстан себепсіз қалғаны үшін жұмыстан босату туралы хабарлама жіберген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама