ШҚО тұрғынының мәйітті үйінің маңында көміп тастамақ болған сәті видеоға түсіп қалды

Жа?ында Риддерде жант?ршігерлік жа?дай болды. Т?р?ындар та??ы са?ат 4-ке ?арай ?ор?ынышты о?и?аны? ку?герлері бол?ан. Содан олар полиция ша?ырып, барлы?ын видео?а т?сіре баста?ан, - деп жазады YK-news.kz.

Жақында Риддерде жантүршігерлік жағдай болды. Тұрғындар таңғы сағат 4-ке қарай қорқынышты оқиғаның куәгерлері болған. Содан олар полиция шақырып, барлығын видеоға түсіре бастаған, - деп жазады YK-news.kz.

Видеодағы кадрлардан ер адамның мәйітті тұрғын үй жаққа қарай сүйреп бара жатқаны көрінеді.

Видео авторлары ер адам ол мәйітті бақшасында көміп тастамақшы болған деп болжап отыр. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

Реклама
Реклама

"29 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа 45 жастағы ер адамды шақырғаны белгілі болды. Олар ішімдік ішіп, отырыс соңы төбелеспен аяқталған. Нәтижесінде қонаққа келген ер адам оқиға орнында көз жұмған. Ал үйдің иесі мәйіттен осылай құтылмақ болған көрінеді", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс басталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама