27 наурыз 2022 18:12

Степногорсктегі ЖЭО авариялық жағдайда жұмысын тоқтатты

Сурет: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

25 наурызда Ақмола облысындағы Степногорск қаласында ЖЭО бу қыздырғышында тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-3 авариялық жағдайда тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"26 наурызда бу қыздырғыштың төбесінде тесік саңылаудың табылуына байланысты КА-5 авариялық жағдайда тоқтатылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жылу тасығыштың температурасының күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында 25 наурызда резервтегі №4 су жылыту қазандығы іске қосылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 3 энергетикалық қазандық агрегат және бір су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұрғаны белгілі.

Реклама
Реклама

"Станцияның сыртындағы температура 93-95 С, қалаға кіре берістегі температура 71 С. Қазіргі уақытта апаттық сөндірулерді жою бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін бригадалар ұйымдастырылды. Жақын арада апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады", - деді министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram