12 қазан 2023 | 09:19

Студент 7-сынып оқушысын зорлаған: жәбірленушінің анасы жантүршігерлік жайттарды айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: pixabay.com

Түркістан облысы Сайрам ауданында студент 7-сынып оқушысын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Сайрам ауданында студент 7-сынып оқушысын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың айтуынша, бәрі 2022 жылы басталған. Колледж студенті пышақпен қорқытып, кәмелетке толмаған қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

Қыздың анасы, Сайрам ауданының тұрғыны бұл оқиға туралы бір жылдан кейін ғана білген. Осы уақытқа дейін қыз үнсіз келген.

Реклама
Реклама

"Бұл өз еркімен болған нәрсе емес, ол қызымды пышақпен қорқытты. Әр жолы қорқытып, денесін кесіп отырған. Ол қызымды бопсалап: "айтқанымды орындамасаң, ата-анаңды өлтіремін" деген. Ол түнгі сағат 2-3-те үйге бірнеше рет келіп, оны үйден қорқытып шығарып алған екен. Біз бұл жағдайдан хабардар болмадық. Қызымнан "келісіммен болды ма?" деп сұрадым, қызым: "Ол мені алдап алып кетті, серуендейміз деп, іс жүзінде пышақпен қорқытып, зорлады" деді, - дейді қыздың анасы.

Қыздың ата-анасы әділдікке жеткісі келеді. Жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, облыстық прокуратура да бұл іске назар аудармай отыр.

"Бұл жағдай бойынша бірнеше сараптама қорытындысын алдық. Жәбірленуші тараптан дәлел ретінде хат-хабарлар, суреттер мен аудиожазбалар ұсынылды. Алайда тергеу мен прокуратура бұған көз жұмып отыр", - дейді адвокат Тимур Сәрсенәлиев.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы қызды зорлап келгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная