Шу маңында жолаушылар пойызы аударылды: Видео

Шу ?аласыны? ма?ында жолаушылар пойызы аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шу қаласының маңында жолаушылар пойызы аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше жағдайдың куәгерлері оқиғаның 14.00-де Жамбыл облысындағы Шу станциясының маңында болғанын хабарлады. Бұл - "Астана-Алматы" бағытындағы №9 "Байтерек" пойызы. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады.

Реклама
Реклама

"Алдын ала мәлімет бойынша, Астана-Алматы жолаушылар пойызының үш вагоны рельстен шығып кеткен, Жамбыл облысы, шу ауданы. Келіп түсіп жатқан мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар, бірақ әзірше біздің бөлімшелер оқиға орнына бара жатыр", - деп хабарлады Иманқұлов.

"Шамамен 30 минут бұрын болды. Өзіміз 9-шы вагонда келе жаттық. Ал 13, 14 және 15-ші вагондар аударылды. біз рельстен шығып кеткен сияқты болдық. Сосын дереу тоқтады", - дейді пойыз жолаушыларының бірі. 

Тағы бір жолаушының сөзінше, оқиға орнына жедел қызмет пен жедел жәрдем жеткен. Тағы бір қосымша пойыз келіп, адамдарды отырғызып жатыр екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама