Су тасқыны: СҚО-да төрт ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында төрт ауылдың тұрғындары су тасқыны болады деген қауіптен эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иманқұловтың айтуынша, өткен тәулікте құтқарушылар Есіл өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен эвакуация жұмыстарын жүргізген. 

"Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының, Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, ҚР ІІМ ТЖК Апат медицина орталығының психологтарының күшімен Большая Малышка, Барневка, Ольшанка, Долматово ауылдарының тұрғындары мен үй жануарлары өз уақытында эвакуацияланды", - деп хабарлады ресми өкіл. 

Реклама
Реклама

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама