Су жаңа Rolls-Royce көлігін соққан жігіт наркологиялық орталыққа жеткізілді

© Серікан Мәулетбай

Алматыда ер адам су жа?а Rolls-Royce к?лігімен автоорталы?ты ?ират?аннан кейін, автоорталы?ында ?айта ?алпына келтіру ж?мыстары ж?ріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі о?и?а орнында болып ?айтты. 

Алматыда ер адам су жаңа Rolls-Royce көлігімен автоорталықты қиратқаннан кейін, автоорталығында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнында болып қайтты. 

Полиция көлігі тұрғанына қарағанда онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатқан секілді. Жинап тазалаушы қызметкерлер оқиға орнын шыныдан тазартып жатыр. Бүлінген көлікті автосалонның арғы жағына апарып, қара матамен жауып қойған. 

Дереккөз мәліметінше, құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адамды қалалық наркологиялық орталыққа куәландыру үшін алып кеткен. 

Реклама
Реклама

Бүгін түске дейінгі уақытта, автосалон келушісі Rolls Royce Ghost көлігін қарап отырып, газды басып жіберіп, сөреге соғылған. Оқиға Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы автоорталықтардың бірінде болған.  


фото: ©Серикжан Маулетбай

"Ер адам салонда Rolls Roys көлігін қарап жатып, газ педалін басып жіберген, сөйтіп, көлікпен сөрені соққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді Astana Motors компаниясының өкілдері.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама