ПОДЕЛИТЬСЯ
09 маусым 2021 | 17:16
"Суға ағып кетті". СҚО-да 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер сегіз жастағы қызды іздестіріп жатыр. Жоғалған күні қыз ағасымен бірге ойнауға кеткен. Бірақ бала үйіне жалғыз оралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бір күн бұрын, 8 мамырда Покровка ауылында болған. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі ақпараты бойынша, бала демалысқа туыстарының үйіне келген. Күндіз қыз ағасымен ойнауға шыққан, ал кешке бала үйге жалғыз оралған. Ол қарындасының қайда екенін түсіндіре алмады. Қыздың әжесі учаскелік инспекторға жүгініп, Төтенше жағдайлар департаментінің еріктілері мен қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.
Тек біраз уақыттан кейін ғана қыздың ағасы не болғанын ата-анасына айтқан. Оның айтуынша, олар шомылып жүргенде қыз суға ағып кеткен. Оның заттары жағадан табылды.
"Өтініш кешкі сағат 11 шамасында түсті. Түні бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазір жұмыс жалғасып жатыр. Сүңгуірлер шақырылды", - деді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также