Сыбанбаеваның өліміне күдіктінің өлігі өзеннен табылды - ІІМ

© newstaraz.kz

Балдыр?ан Сыбанбаеваны ?лтірді деген к?діктіні? ?лігі ?зеннен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ-ге сілтеме жасап.

Балдырған Сыбанбаеваны өлтірді деген күдіктінің өлігі өзеннен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, күдікті Есіл өзенінен табылған.

"Астана қаласы ІІД-нің тергеу басқармасы Сыбанбаеваның із-түссіз жоғалып кетуіне байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу жұмысын бастаған болатын. Жүргізілген тергеу барысында кінәсі дәлелденген күдікті 2016 жылдың маусым айының 26 күні Есіл өзенінен өлі күйде табылды. Аталған дерек Астананың "Есіл" ауданының ішкі істер бөлімінде СДТБТ-ға тіркелді. Астананың ІІД-де аталған қылмыстық істер бойынша болған оқиғаны обьективті талдауға бағытталған қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", -  деп жауап берді ІІМ өкілдері редакция сауалына.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Астанада түнгі клубқа барып, қайта оралмаған Балдырған Сыбанбаева биыл 26 маусымда сағат 12:00 шамасында Пригородный ауылы маңындағы тоғайдан өлі табылған болатын. 

Кейін полиция бұл қылмысқа күдіктіні анықтаған. Ол Астананың 25 жастағы тұрғыны болып шыққан еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама