Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазақмыс" кен орнында жұмысшылар төбелесті

Шығыс Қазақстанда "Қазақмыс" корпорациясының Ақтоғай кен орнында жұмысшылар арасында төбелес болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Kaz Minerals" ЖШС өкілдері хабарлады.

Компаниядағылар Ақтоғай кен орнындағы төбелес дерегін растады. "Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төбелес мердігер ұйымның жұмысшылары арасында болды, олар байыту фабрикасын салып жатқан. Қақтығыс құрылыс алаңында емес, уақытша вахта елді мекенінде болды, онда олар тұрып жатқан", - деді компания өкілдері.

Компания өкілдерінің айтуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері, прокурорлар жұмыс істеп жатыр. Қақтығыстың себебі әзірше белгісіз. Оның тек бүгін, түстен кейінгі уақытта басталғаны анық.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама