Шығыс Қазақстанда 25 жастағы қыз полицейді қағып өлтірді

Шығыс Қазақстанда 25 жастағы қыз полицейді қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында 25 жастағы қыз құқық қорғау органдарының қызметкерін қағып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 желтоқсанда Куленов атындағы ауылда болған. Өскеменде тұратын келіншек Nissan Murano маркалы атвомобилімен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол ШҚО ІІД криминалдық полиция бөлімшесінің 30 жастағы қызметкері болып шыққан. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза болған. 

Айта кетейік, бұл оқиға жайлы әзірше ешқандай да мәлімет жоқ. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері жол апатының қайда болғанын әзірше айтпады. Енді тергеу оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама