Шығыс Қазақстанда мектеп оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалды

© Otyrar.kz

Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы өзінің туған әкесінен жүкті болып қалды, әкесінің оны бірнеше жылдан бері зорлап келгені анықталып отыр, - деп хабарлайды YK-news.kz

Жүктілік мектептегі медициналық бақылау кезінде анықталған. Молекулярлық-генетикалық сараптама оқушының сөзін растады. Дәрігерлердің кеңесімен баланы алдырып тастауға тура келген. 

"Мектепте медициналық комиссия кезінде дәрігерлер 17 жастағы оқушының жүктілігін анықтады, қыздың анасы шақырылды, әкесі жайлы сұрақ қойылды, - деді ШҚО ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы Әділ Бакин. - Сол кезде қыз оны әкесінің бірнеше жылдан бері зорлап жүргенін мойындады. Ер адам оны қорқытқан, сондықтан ол бұл жағдайды айтуға жүрегі дауаламаған".

Реклама
Реклама

Times kz интернет-агенттігінің мәліметінше, бұл отбасында бес қыз бар. Жанұя облыстың ауылдарының бірінде тұрады. Қыздар үздік оқып, ата-анасына шаруашылықта көмектеседі екен.

Алайда қыз 16 жасқа толғанда оны әкесі зорлап тастаған. Тергеу кезінде 2011 жылы зорлықшыл әкенің 13 жастағы екінші қызына да күш көрсете бастағаны анықталды. Абырой болғанда ол ойлағанын жүзеге асыра алмапты. 

Сотта оның әйелі күйеуіне ең ауыр жазаны кесуді сұрады. Сот 44 жастағы ер адамды қатаң режимдегі колонияға 17 жылға бас бостандығынан айырды. Ер адам шыққан үкімге шағым келтірмекші.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама