Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер жолаушылар пойызына тас жаудырды

© Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Көліктегі полицейлер 15 жастағы ұлды вандализм үшін ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, соңғы кездері тәртіп бұзушылардың арасында кәмелетке толмағандар көбейген.

Ұқсас оқиға 9 қыркүйек күні Өскемен-Защита станциясының 7-8 шақырымдары аралығында болды.

Реклама
Реклама

"Белгісіз біреулер "Алматы-Защита" жолаушылар пойызының № 5,6,8 вагондарына тас лақтырды. Салдарынан осы вагондардың бірінің сыртқы шынысы шытынады. Қазіргі таңда шығынның көлемі анықталып жатыр", - делінген департаменттің хабарламасында.

Жедел-іздестіру шарасы барысында көліктегі полицейлер Защита станциясынан 15 жастағы ұлды вандализм жасағаны үшін ұстады, ол №36 орта мектебінде оқиды, Өскеменде тұрады. "Ол кінәсін мойындады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабы "Кәмелетке толмағандардың вандализмі" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұл бап бойынша 8 айдың ішінде 5 жасөспірім жауапқа тартылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама