Шығыс Қазақстанда зейнеткер өрт салдарынан қаза болды

©Астана ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда зейнеткер өрттен қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Өскеменде 9 наурыз күні күндіз болды. Жеке үйлердің бірінің ағаш едені өртенген. Өртті сөндіру барысында 1954 жылы туған қожайынның түтінге уланған және аяғы күйген мәйіті табылды. Өрт 4 шаршы метрді шарпыған. 

Осы күні Аягөз қаласында да жеке үйлердің бірінде өрт болды. "Екіпәтерлі жеке үйдің жатын бөлмесінде жұмсақ жиһаз бен ауданы 4 шаршы метр болатын еден өртенді. Өрт салдарынан түтінге тұншыққан 1935 жылғы зейнеткер әйел мен 1970 жылы туған жұмыссыз азамат ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. Өрт 17.13-те басталып, 18.20-да сөндірілді. 

Реклама
Реклама

Облыстық ТЖД мәліметінше, 9 наурыз күні Семейде жеке үй мен құрылыс нысанындағы металл контейнер, Қатонқарағай ауылында жеке монша өртенді. Бұл төтенше оқиғалардың салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама