Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі болды

©REUTERS

Шығыс Қазақстан облысының Ресеймен шектесетін өңірінде магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап. Тербеліс Астана уақыты бойынша сағат 13.45-те болды.

Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Өскеменнен 289 шақырым қашықтықта, 3,7 шақырым тереңдікте анықталды. Бұған дейін Ауғанстанда болған жер сілкінісінің Тараз бен Шымкент қалаларында 2-3 балл түрінде сезілгені хабарланған еді. Сейсмикалық құбылысты станциялар желісі 14 маусым күні жергілікті уақыт 09.58-де тіркеген. Сілкіністің ошағы Алматыдан 888 шақырым қашықтықта - Ауғанстанның Файзабад қаласына жақын маңда анықталған болатын. 

Ал мұның алдында 9 маусым күні магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі Қытайда болды. Эпицентрі Алматыдан 349, Талдықорғаннан 200, Жаркенттен 85 шақырым қашықтықта анықталды. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама