02 қараша 2017 | 10:27

"Сыра сатпаймын деп, ажал құша жаздады!" - Ер адам қыздың бетіне қайнаған майды шашып жіберген

Сымбат Қозыбай © ktk.kz

Маңғыстау облысында сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адам қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол - полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өзіне келе алмай жатыр. Оның айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Сымбат заңды бұзудан бас тартқан кезде ер адам ыстық май құйылған қазанды қызға қарай теуіп жіберген.

Реклама
Реклама

"Спирт сатуға тыйым салынғанын түсіндірдім. Сол кезде тұрды да, майды бір тепті. Олар отбасымен кешірім сұрауға келді. Келгенде де кешірім сұраған жоқ, өз жағдайларын айтып кетті", - дейді Сымбат Қозыбай.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатқан.

"Мен мына құзырлы орындардың жүргізіп жатқан істеріне қанағаттанбаймын. Қызымның жатысы мынау. Мұны бұзақылық дейді. Бұл 106 баптағы қасақана шабуылға жатады. Сол үшін құзырлы орынға бұл іс-шараға бей-жай қарауына жол бермеймін", - деді Сымбаттың әкесі Ахмет Ізтұрғанов.

Телеарна мәліметінше, бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр. 

"Ауруханадан шығарылғаннан кейін ауыру тарихымен сот-медициналық сараптамасы тағайындалатын болады. Аталған сараптама қорытындысын алғаннан кейін дене жарағатының дәрежесіне байланысты күдіктінің әрекеттеріне баға беріледі", - деді Мұнайлы аудандық ІІБ басшысы Нұрбол Бишеханов.

Тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған күдікті жауаптан жалтармайды деп сендірді.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная