Кеше | 12:00

“Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі“. ҚМА қазақстандыққа іздеу жариялады

видео кадры

ҚМА қазақстандыққа іздеу жарияланғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА қазақстандыққа іздеу жарияланғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА іздеу жарияланғаны туралы хабарлады, Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 жылы туған, Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы.

"Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. Sunkar Logistics ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 миллиард теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асады.

"Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

  • +7-701-770-08-65 - іздеу бойынша,
  • +7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram