Шымкент орталығында автобус өртенді

Шымкентте № 22 жолаушылар автобусы ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а Жібек жолы к?шесіні? бойында Балдыр?ан аялдамасыны? ма?ында бол?ан.

Шымкентте № 22 жолаушылар автобусы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Жібек жолы көшесінің бойында Балдырған аялдамасының маңында болған.

Оқиға болған кезде автобус салонында жүргізуші, кондуктор және екі жолаушы болған.

Өрт басталғанда барлығы шығып ұлгерген, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта анықтаушылар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.  

Реклама
Реклама

ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мәліметінше, оқиға 10:50-де болған. Шымкент қалалық ІІБ дереу әрекет ету орталығының мамандары бейнебақылау камералары арқылы автобустың өртенгенін байқаған. 

 "Оқиға орнына Шымкент қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің экипажы аттанып, оқиғаны төтенше жағдайлар департаментіне хабарлады. Өрт дереу сөндірілді", - деді ведомстводағылар. 

2014 жылы шығарылған "Шаулинь" маркалы автобус өртенген. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама