ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қаңтар 2018 12:18
Шымкент орталығында автобус өртенді
Шымкентте № 22 жолаушылар автобусы ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?и?а Жібек жолы к?шесіні? бойында Балдыр?ан аялдамасыны? ма?ында бол?ан.
Шымкентте № 22 жолаушылар автобусы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Жібек жолы көшесінің бойында Балдырған аялдамасының маңында болған.
Оқиға болған кезде автобус салонында жүргізуші, кондуктор және екі жолаушы болған.
Өрт басталғанда барлығы шығып ұлгерген, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта анықтаушылар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мәліметінше, оқиға 10:50-де болған. Шымкент қалалық ІІБ дереу әрекет ету орталығының мамандары бейнебақылау камералары арқылы автобустың өртенгенін байқаған.
"Оқиға орнына Шымкент қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің экипажы аттанып, оқиғаны төтенше жағдайлар департаментіне хабарлады. Өрт дереу сөндірілді", - деді ведомстводағылар.
2014 жылы шығарылған "Шаулинь" маркалы автобус өртенген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу