Шымкент полицейлері өзенге батып бара жатқан мылқау жасөспірімді аман алып қалды

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі

О?т?стік ?аза?стан облысында?ы Бадам ?зенінде мыл?ау жас?спірім су?а батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам өзенінде мылқау жасөспірім суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкент қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметіндегі стационарлық бекеттің қызметкерлері адамдардың көмек шақырып жатқан дауыстарын естіп, өзен жаққа қарай барған. Оқиға орнына келген полицейлер жасы шамамен 13-15-тегі жасөспірімнің суға батып бара жатқанын көрген", - деп хабарлады ОҚО ІІД Мемлекеттік тілдер және ақпарат басқармасындағылар.

Полиция сержанты Ерлан Айтмұхамедов суға секіріп, батып бара жатқан жасөспірімді алып шыққан. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Реклама
Реклама

Полицияның мәліметінше, бала мылқау. Ол аяқкиімін өзенге түсіріп алып, оны алып шықпақшы болған. Алайда судың қатты ағынынан ол батып кете жаздаған. Полициядағылар жасөспірімді Шымкенттің әл-Фараби ауданындағы полиция бөлімшесіне жеткізіп, кейін үйіне туыстарына жеткізген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама