Шымкент - Тараз тасжолында ауа райы бұзылып, ондаған жүк көлігі тұрып қалды

Tengrinews.kz редакциясына ку?гер Шымкент - Тараз тасжолында?ы кептелісті? видеосын жолдады.

Tengrinews.kz редакциясына куәгер Шымкент - Тараз тасжолындағы кептелістің видеосын жолдады.

Кадрлардан көпжолақты жолда жүк көліктерінің тоқтап қалғанын көруге болады. Видео авторы мұзтайғақтан шығып жол жиегіне шығып кеткен автобусты түсіріп алған.

Куәгердің мәліметінше, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте екен. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұр.

Реклама
Реклама

Ал осыған дейін Қазақстанның екі облысында боранға байланысты жолдардың жабылған хабарланған болатын. 

Жамбыл облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (боран, көру нашарлығы) Алматы - Ташкент тасжолының бөлігінде (543-593 шақырым, Қызыл таң ауылы - ОҚО шекарасы) көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды. Оңтүстік Қазақстан облысында боран мен көру нашарлығына байланысты Алматы - Ташкент тасжолының бөлігінде (563-611 шақырым, Жамбыл облысының шекарасы - Ақбиік ауылы) көліктің барлық түріне қозғалыс тоқтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама