Шымкентте әйел әжетханада босанған

Шымкентте әйел әжетханада босанған © Tengrinews.kz

Шымкентте әйел әжетханада босанған, - деп хабарлайды TVK. Оқиға 11 маусымда болған.

ТЖД жедел-құтқару жасағының өкілдері телеарна тілшілеріне 35 жастағы жүкті әйелдің үй ауласындағы қоғамдық әжетханаға барғанын хабарлады. Осы уақытта оның толғағы келіп қалған.

Гагарин көшесінде болған оқиғаға шақырту шамамен 12:00-де түскені айтылады. Хабарласқандар шақалақтың әжетханаға түсіп кеткенін айтқан. Оқиға орнына төрт құтқарушы жөнелтілген. Олар жаңа туған нәрестенің денесін әжетхана шұңқырынан алып шыққан. Алайда оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жарнама
Жарнама

Нәрестенің денесі туыстарына берілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама