Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті

Шымкентте айыпт?ра?та 45 к?лік ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан ІІМ ТЖК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт 15 шілдеде 01:14-те көліктерге арналған айыптұрақта болған. Басында КамАЗ өртеніп, артынша жеңіл көліктерге одан ары қарай екі қабатты ғимаратқа көшкен. 

Өрт бір сағатта ауыздықталып, 03:05-те толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 294 шаршы метр. 

Реклама
Реклама

"Өрт салдарынан жоюылуы тиіс 35 автокөлік және 10 айыптұрағында тұрған автомобиль түгелдей жанып кетті. Қаза тапқандар жоқ", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Түнгі өртті 76 маман 17 арнайы мамандандырылған техникамен сөндірді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама