Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып өлтірді

© сod68.ru

Шымкентте ара??а сыл?ия тойып ал?ан ж?ргізуші 10 жаста?ы ?ызды ?а?ып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. ?ыз ал?ан жара?атынан ауруханада ?айтыс бол?ан. 

Шымкентте араққа сылқия тойып алған жүргізуші 10 жастағы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қыз алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған. 

Оқиға 30 тамызда Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы көшелердің бірінде болған. 

"Полицейлер 1966 жылғы шымкенттіктің "Ваз-21102" көлігін жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалғанын және бесінші сынып оқитын 2007 жылғы қызды қағып кеткенін анықтады. Жол апаты салдарынан 10 жастағы қыз облыстық ауруханаға жеткізілгенде жан тапсырды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Медициналық куәландырудан "ВАЗ" жүргізушісінің орта деңгейде алкогольден мас болғаны анықталған. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама