Шымкентте автобус кондукторларының төбелесі видеоға түсірілді

Шымкентте автобус жүргізушілері қозғалыс кестесіне бола төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.

Төбелесіп жатқан адамдардың видеосын куәгерлер Интернетке жүктеді. Екі ер адам жолаушылардың көзінше бір-біріне аяқпен, қолмен соққы жасайды. Оларды екі әйел ажыратқысы келеді, олардың бірінің қолында сәби болған. Сөйтсе, №84 бағытындағы автобус №74 бағытындағы автобустың қозғалысына кедерші келтіріп, уақытты созу арқылы жолаушыларды тартып алған.

Реклама
Реклама

"Кондуктор Айдос Ділдабеков пен басқа автобустың кондукторы Асхан Хаджиевтің қақтығысы шамамен 14.30-да болды, кейін басқа аялдамаға барып, төбелескен. Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан. Оларға қатысты іс "Бұзақылық" бабы бойынша қаралып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама